System - Configuration - NDG Theme - Browser Support Messages - Unsupported Browser Message

System - Configuration - NDG Theme - Browser Support Messages - iPhone/iPad Message

System - Configuration - NDG Theme - Browser Support Messages - Android Message

You have reached the website

«НЕСТЛЕ ФУД ҚАЗАҚСТАН» ЖШС дербес деректерінің құпиялығы және олардың қорғалуы туралы КЕЛІСІМ

«Нестле Фуд Қазақстан» Компаниясы» ЖШС (бұдан әрі — Нестле) Интернет-сайттарымызға кіретін әрбір келушіге қатысты дербес деректерді құпиялықта ұсталу құқығына баса мән беріп, «онлайн» режимде ұсынылатын кез келген ақпаратты қорғау шараларын қолға алады.

Дербес деректердің құпиялығы мен қорғалуы туралы келісімнің (бұдан әрі — «Келісім»)  мазмұнымен таныс болуыңызды сұраймыз. Аталмыш құжатта Нестле халықаралық компаниялар тобының  (бұдан әрі — «Нестле Тобы») құпиялықтың сақталуы саласындағы саясатымен, сондай-ақ дербес деректерді жинаудың және өңдеудің қолданыстағы тәртібімен егжей-тегжей танысуға болады. Егер сіз сайтқа кірген кезде тіркелуді немесе өзіңіз жайлы дербес деректерді беруді жөн санасаңыз, сіз осы арқылы Нестле компаниясының мұндай ақпаратты Келісімнің шарттарына сәйкес пайдалануына өз келісіміңізді бересіз.

Егер сіз Нестле қызметкерлерінің сіздің дербес деректерін пайдаланғанын қаламасаңыз, мұндай ақпаратты жібермеуіңізді өтінеміз.

 Сізге ыңғайлы болу үшін Келісім Нестле компаниясының тұтынушылары ұсынатын дербес деректер жайлы сұрақ-жауап  түрінде құрылған. Берілген жауаптар тұтынушыларға дербес деректерге қатысты құқықтар мен Нестле компаниясы дербес деректердің құпиялығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолданатын шаралар туралы ақпарат береді.

 

Дербес деректерге, я болмаса тиісті процедуралар мен ережелерге қатысты қандай да бір сауалыңыз болса, бізге төменде көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады.

Осы Келісім өзіңізді қызықтыратын сұраққа жауап алу үшін Келісімнің сізді мазалаған сұраққа арналған бөлімін тікелей қарауға болатындай әзірленген.

1. Нестле компаниясы осы веб-сайт арқылы қандай дербес деректерді және қалай жинайды? 
2. Нестле компаниясы ұсынатын жеке ақпараттың құпиялығын қорғау негізінде қандай принциптер жатыр?
3. Нестле компаниясы тұтынушылардың дербес деректерін қандай мақсаттарда пайдаланады?

4. Нестле Тобының шеңберінде дербес деректерге кімдер және қандай мақсаттарда рұқсат алады? 
5. Компания ұсынатын дербес ақпарат қандай жолмен қаралады, тексеріледі, өзгертіледі және жойылады?

6. Ұсынылатын дербес деректер қай елдерге және қандай мақсатпен тапсырылады?

7. cookies файлдары (қадағалау технологиялары): Нестле компаниясы оларды қалай және қандай мақсаттарда пайдаланады? 

8. Электрондық маркетинг: спам жіберу дегеніміз не және спам бар электрондық хаттар жайлы Нестле компаниясының пікірі қандай?

9. Дербес деректер Нестле компаниясында қанша уақыт сақталады?

 10. Біздің веб-сайттарға кіретін балаларға және олардың ақпарат алмасуға қатысуына Нестле компаниясы қандай саясат жүргізеді?

11. Нестле компаниясының веб-парақшаларында үшінші тұлғалардың веб-сайттарына сілтемелері бар ма және мұндай жағдайда тұтынушылардың дербес ақпаратына не болады?

12. Нестле веб-парақшасы электрондық пошта арқылы үшінші тұлғаларға  жіберілген кезде

 тұтынушылардың дербес деректеріне не болады?

13. Тұтынушы осы  веб-сайт арқылы Нестле ұйымдастырған интерактивті сауалнамаға қатысқан уақытта оған қатысты дербес ақпаратқа не болады?

14. Бір рет тіркелу принципінің мәні неде?

 15. Нестле компаниясы осы Келісімнің шарттарын өзгерте ала ма? 

16. Нестле веб-сайттарына қатысты құқықтық мәселелер бойынша, сондай-ақ тұтынушылардың міндеттеріне қатысты қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?

17. «Нестле Россия» компаниясында дербес деректердің қорғалуына қатысты қандай жалпы терминдер мен заңдық анықтамалар қолданылады?

18. МАҢЫЗДЫ: Неліктен осы Келісімнің шарттарын қабылдау қажет?  


1. Нестле компаниясы осы веб-сайт арқылы қандай дербес деректерді және қалай жинайды?
Жауап:
Біз тұтынушы бізге өз еркімен ұсынатын дербес ақпаратты ғана жинаймыз.  Бұл біз көрсететін қызметтерді қамтамасыз ету (және жетілдіру) үшін қажет деректер. Жиналатын ақпаратқа аты-жөні, пошталық мекенжай және электрондық пошта сияқты негізгі дербес деректер, сондай-ақ кейбір қосымша ақпарат мысалы, cookies файлдары, желіге қосылу туралы деректер мен жүйелік ақпарат кіреді.

Тұтынушыларға Нестле өнімдері жайлы, біздің байқауларға немесе сауалнамаларға қатысу жайлы ақпарат ұсынылу мақсатында, я болмаса Нестленің қызықтыратын әзірлемелері туралы уақытылы жаңалықтар алып тұру үшін олар электрондық пошталарының  мекенжайын, аты-жөнін, телефон нөмірін және т.с.с. бере алады.  Оның үстіне біздің кейбір тұтынушыларымыз Нестле компаниясында өз мансаптарын құру мақсатында қызығушылық білдіру мүмкін. Олар біздің веб-парақшаларымызға компаниядағы бос орындарға өз түйіндемелерін орналастырып,

2. Нестле компаниясы ұсынатын жеке ақпараттың құпиялығын қорғау негізінде қандай принциптер жатыр?
Жауап:
Нестле компаниясы компанияға ұсынылатын кез келген дербес деректерді қорғау үшін барлық тиісті шараларды қолға алады. Дербес деректерге тек Нестле Тобының уәкілетті қызметкерлері, тараптас компаниялардың не болмаса біздің іскерлік құпиялық және дербес деректерді қорғау туралы шартқа қол қойған серіктестеріміздің уәкілетті  қызметкерлері (яғни, қызмет жеткізушілер) қол жеткізе алады. Нестле компаниясының дербес деректерге қол жеткізе алатын барлық қызметкерлері Нестле Тобының дербес деректерінің құпиялығы мен қорғалуын қамтамасыз ету саясатын ұстану қажет. Ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау мақсатында Нестле тиісті АТ-ортасын ұстап, рұқсатсыз ақпарат алу (хакерлік) жағдайына жол бермеу үшін тиісті шараларды қолға алады.

4-сұрақты қараңыз — Нестле Тобының шеңберінде дербес деректерге кімдер және қандай мақсаттарда рұқсат алады?

3. Нестле компаниясы тұтынушылардың дербес деректерін қандай мақсаттарда пайдаланады? 

Жауап:
Дербес деректер Нестле компаниясына ұсынылатын мақсаттарда ғана қолданылады. Мұндай ақпарат қызметтер деңгейінде  әкімшілік ету, қолдау көрсету және кері байланысты ұйымдастыру үшін де, сондай-ақ құпиялықтың, құқықтық нормалардың немесе шарт талаптарының бұзылуын алдын алу үшін де пайдаланылуы мүмкін. 

4. Нестле Тобының шеңберінде дербес деректерге кімдер және қандай мақсаттарда рұқсат алады?

Жауап:
Нестле компаниясының (i) электрондық пошта арқылы тікелей маркетингке, (ii) тұтынушының компаниямен арада жасалған шарттардан электрондық пошта арқылы тікелей маркетинг түрінде кез келген уақытта БАС ТАРТУ құқықтарына және (iii) тұтынушылардың дербес деректерді жүйелерімізден жою құқықтарына қатысты саясатқа 8 және 5 сұрақтарға берілген жауаптарда сипат берілген. 
Нестле компаниясы ұсынылған дербес деректерді Нестле Тобының шеңберінде басқа компаниялармен бірге пайдалана алады. Оның үстіне, Нестле ұсынылған дербес деректерді үшінші тұлғалармен бірге, бірақ төменде көрсетілген шарттардың қатаң ұстанылуымен пайдалануға құқылы.

Дербес деректер осы веб-сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларға (мысалы, біздің интернет-провайдерлерімізге) беріле алады. Осы бизнес-серіктестердің кейбіреулері сайтқа кіруші веб-сайтқа кіріп отырған елден тыс жерде орналасуы мүмкін. Мұндай бизнес-серіктестер дербес ақпараттың Нестле қорғайтын деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда Нестле компаниясының жекелеген нұсқауларының орындалуымен ғана дербес деректердің құпиялығы мен қорғалуына және деректердің өңделуіне қатысты тиісті құқықтық міндеттемелер жүктейтін шарттарға қол қою тиіс. 

Оның үстіне, егер Нестле Тобының қандай да бір дербес компаниясы мұны кез келген қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес жасауға мәжбүр болса, я болмаса егер біздің ойымызша мұны заңдылықты сақтау, заңды түрде негізделген талаптарды орындау  үшін жасау керек болса,  я болмаса Нестле Тобының, тапсырыс берушілері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында деректер мемлекеттік органдарға ұсыныла алады. 

(і) Дербес деректердің құпиялығы мен қорғалуы тиісті шартпен қамтамасыз етілген жағдайда және (іі) осы дербес деректер ұсынылған уақытта Нестле қолданылатын заңнаманың барлық талаптарын орындаған жағдайда кейбір төтенше жағдайлар кезінде дербес деректер Нестле шеңберінде кез келген бизнес-бөлімшенің әлеуетті сатып алушыларына берілуі мүмкін.

5. Компания ұсынатын дербес ақпарат қандай жолмен қаралады, тексеріледі, өзгертіледі және жойылады?
Жауап
«Дербес деректер туралы» заңына сәйкес дербес деректер өңделу мақсаттары талап ететін уақыттан асырмай, Нестле компаниясында дербес деректер субъектін анықтауға мүмкіндік беретін нысанда сақталып, өңделу мақсатына қол жеткізілгенде немесе мақсатқа қол жеткізудің қажеті жоғалғанда жойылуға жатады. 

Тұтынушы төменде көрсетілген мекенжайы бойынша электрондық хабарлама немесе хат жіберу арқылы, я болмаса қоңырау шалып, дербес деректердің жойылуын, түзетілуін немесе тексерілуін талап ете алады.
Байланыс ақпараты:

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28В, "Алатау-Гранд" БО

E-Mail: contact@ru.nestle.com

Телефоны: 8-800-080-28-80

6. Ұсынылатын дербес деректер қай елдерге және қандай мақсатпен тапсырылады?
Жауап
Нестле халықаралық компаниялар тобы болып табылады. Сондықтан дербес деректер мемлекеттен тыс жерге беріле алады. Дербес деректер заңнамаға сәйкес құпиялықты сақтау деңгейі дербес деректер беріліп отырған елде қамтамасыз етілетін деңгейден басқаша болуы мүмкін. Сонымен қатар дербес ақпаратты әртүрлі елдердегі Нестле Тобына кіретін компаниялар да қатар пайдалана алады. Нестле Тобы дербес деректер жіберілген кезде де, ақпарат жіберіліп отырған жерде де жеке ақпараттың құпиялығын сақтау үшін барлық тиісті шараларды қолға алады.  Нестле Тобының веб-сайттарының қызметтерін жеткізетін негізгі жеткізуші тиісті құқықтық міндеттемелерді жүктейтін шартқа сәйкес әрекет етеді. Мұндай жеткізуші дербес деректерді қорғау саласында жоғары стандартты қамтамсыз етіп, (өзге шарттардан басқа) тек қана Нестле Тобының нұсқауларына сай жұмыс істейді және қарастырылған кезең арлығында дербес деректер қауіпсіз сақталуы үшін қажет барлық техникалық шаралардың қабылдануына кепілдік береді.

7. cookies файлдары (қадағалау технологиялары): Нестле компаниясы оларды қалай және қандай мақсаттарда пайдаланады?

Жауап
Пайдаланушылардың веб-сайтты қалай пайдаланатыны туралы жалпы ақпарат алу мақсатында Нестле дербес деректерді жинау үшін браузер немесе операциялық жүйенің бір түрі, сілтеме жасалатын парақша, сайттағы жол, интернет-провайдер домені және т.с.с. ретінде қадағалау технологияларын (cookies файлдары) қолданады. Нестле компаниясы cookies файлдары қолданыла отырып жиналған бүкіл ақпаратты жеке тұлға идентификацияланбайтын форматта сақтайды. cookies файлдары арқылы алынатын ақпарат Нестле Тобынан асырылып, үшінші тұлғаларға ашыла алмайды. Мұндай ақпарат үшінші тұлғаларға рұқсатсыз берілмейді.

Компьютер жадында cookies файлдарында пайдаланушының аты-жөні емес, компьютердің ІР-мекенжайы сақталады. Сеанс аяқталған соң cookies файлдарындағы ақпаратқа Нестле одан әрі қол жеткізе алмайды. Компьютер теңшеулері cookies файлдарын пайдалануға мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз. Пайдаланушы браузердің теңшелуіне байланысты cookies технологияларының пайдаланылуы туралы ескерту ала алады, я болмаса cookies файлдарын пайдаланудан бас тарта алады. Алайда ондай кезде мұндай веб-сайттың барлық функциялары қол жетімсіз болып қалуы мүмкін. Браузердің теңшеуі жөнінде ақпарат алу үшін анықтама  функциясын пайдаланыңыз. cookies файлдары Нестленің осы және басқа да веб-сайттарының көптеген функцияларын пайдалану үшін, сондай-ақ осы  веб-сайттардың шегінде навигациялау үшін қажетті шарт болып табылмайды. Әртүрлі жерде орналасқан бірнеше компьютер қолданылған жағдайда компьютерлердің әрқайсысында cookies файлдарын өңдеу үшін браузердің тиісті теңшеулерін орнату керегін ұмытпаған жөн.

8. Электрондық маркетинг: спам жіберу дегеніміз не және спам бар электрондық хаттар жайлы Нестле компаниясының пікірі қандай?

Жауап
Спам дегеніміз жарнамалық ақпараттан тұратын не болмаса маркетингке қатысы бар материалдардан тұратын электрондық хаттардың хат алушымен алдын ала келіспей таратылуы. Нестле компаниясы спам таратылуға ҚАТЫСПАЙДЫ. Есесіне, Нестле компаниясының шеңберінде қызметшілерді керексіз электрондық хаттар алудан қорғау үшін спамға қарсы құралдар қолданылып отырады. Нестле компаниясы пайдаланушының НАҚТЫ келісімсіз тікелей маркетинг үшін немесе кейінгі уақытта байланысу үшін дербес деректерді (электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда) пайдаланбайды. Оның үстіне, Нестле компаниясы спам тарату үшін дербес деректерді пайдалануы мүмкін қандай да бір үшінші тұлғалармен (Нестле тобына кірмейтін) бірігіп дербес деректерді пайдаланбайды. Нестле веб-сайттары электрондық пошта арқылы маркетингтік ақпарат алуға мүмкіндік береді. Нестле жіберілетін әрбір электрондық хат кез келген уақытта маркетингтік ақпарат бар электрондық хаттарды алудан бас тарта алу мүмкіндігін қарастырады.
Егер тұтынушы қандай да бір себептермен Нестле Тобына кіретін компаниядан алынған электрондық хатта спам бар деп санаса, бізге төменде көрсетілген мекенжай арқылы дереу хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекенжай 5-сұраққа(Компания ұсынатын дербес ақпарат қандай жолмен қаралады, тексеріледі, өзгертіледі және жойылады?) берілген жауапта көрсетілген.

9. Дербес деректер Нестле компаниясында қанша уақыт сақталады?

Жауап
Нестле осы веб-сайт арқылы алынған дербес ақпаратты компанияның деректер базасында, мысалы, клиенттік және маркетингтік деректер базасында сақтай алады. Дербес деректер Нестле Тобы шегінде сұрауларға жауап беру немесе мәселелерді шешу, жетілдірілген немесе жаңа қызметтерді қамтамасыз ету үшін қажет болғанша ғана және жергілікті заңнаманың талаптарына сай сақталуы тиіс. Бұл дербес деректердің тұтынушы Нестле қызметтерін пайдалануды тоқтатқан немесе осы веб-сайтқа кіріп болған соң  біраз уақыттай сақталуы мүмкін екендігін білдіреді. Белгілі бір уақыттан соң дербес деректер Нестле Тобының шеңберіндегі барлық жүйелерден жойылады.

 

Компания тұтынушының дербес деректерін кез келген уақытта жоюға құқылы екенін естеріңізге саламыз.

10. Біздің веб-сайттарға кіретін балаларға және олардың ақпарат алмасуға қатысуына Нестле компаниясы қандай саясат жүргізеді?

Жауап
Біз веб-сайттарымызға кіретін балалардың дербес деректерінің құпиялығы мен қорғалуын қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екенін түсініп, ата-аналар немесе қамқоршылары балаларының онлайн-әрекетін қадағалап, олардың желідегі әрекеттерін бақылап, өткізілетін науқандарға бірге қатысу керек деп санаймыз. Біз  компаниямыздың балаларға арналған кейбір веб-сайттарын қоспағанда, дербес деректердің жиналу процессіне  16 жасқа толмаған балаларды әдейі тартпаймыз. Мұндай веб-сайттарда дербес ақпарат ұсынылатын деректердің құпиялығына балалар құқықтарының сақталуына қатысты қолданылатын барлық жергілікті заңдар мен ережелерге сәйкес жиналады. Ата-аналар немесе қамқоршылар балалардың қандай да бір дербес деректердің ұсынылуына келісімін берген жағдайда тіркелген бала аталмыш бағдарламаға қатысу үшін қажетті ақпарат қана жиналады.

Балаларға арналған веб-сайттар

16 жасқа толмаған балаларға арнайы үндеу

Егер сіз әлі 16 жасқа толмасаңыз біз өздеріңіздің дербес деректеріңізді Нестле компаниясының веб-сайттарына ұсынылу мәселесін АЛДЫМЕН ата-анаңызбен не болмаса қамқоршыңызбен талқылауға кеңес береміз. Егер сізге осы бөлімдегі қандай да бір нәрсе түсініксіз болса, ата-анаңыздан немесе қамқоршыңыздан көмек сұраңыз. 

16 жасқа толмаған балалардың ата-аналарына арнайы үндеу

Біз ата-аналарға/қамқоршыларға балаларының электрондық поштаның функцияларын пайдалануын және желі ішіндегі басқа да әрекеттерін үнемі қадағалап отыруға кеңес береміз.

Балаларыңыз веб-сайтқа кірген кезде онлайн режимде Нестле компаниясына қандай да бір ақпарат ұсынбайтынына көз жеткізіңіз. Өйткені компания ұсынылған деректердің негізінде ақпарат берушінің жеке тұлғасын оның келісімісіз сәйкестендіретін болады.

Веб-сайттарға кіретін 16 жасқа толмаған кірушілердің бәрінен ата-анасының немесе қамқоршысының электрондық поштасының мекенжайын енгізу сұралады. Осылайша, біз баланың сұрауына жауап ретінде жіберілетін әрбір электрондық хаттың көшірмесін ата-анаға немесе қамқоршыға жібере аламыз. Сіз кез келген уақытта балаңыздың дербес деректерін онлайн режимде тексере, өзгерте немесе жоя аласыз. Одан басқа, сіз кәдімгі немесе электрондық пошта арқылы, я болмаса байланыс ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша факс арқылы сұрау жіберіп, балаңыз ұсынған кез келген ақпараттың жойылуын сұрап, бізге хабарласа аласыз. 

11.  Нестле компаниясының веб-парақшаларында үшінші тұлғалардың веб-сайттарына сілтемелері бар ма және мұндай жағдайда тұтынушылардың дербес ақпаратына не болады?

Жауап
Біздің компания тұтынушыларға Нестле компаниясы жайлы қызықтыратын ақпарат алуға мүмкіндік берілу мақсатында сілтемелердің басқа веб-сайттарға орналастырылуына жол береді. Үшінші тұлғалардың мұндай веб-сайттары біздің бақылауымызда болмайды және оларға осы Келісімнің күші таралмайды. Берілетін сілтемелер арқылы басқа веб-сайттарға рұқсат алған уақытта осы веб-сайттардың операторлары дербес деректерді жинай алатынын есте сақтау керек. Кез келген дербес ақпаратты ұсынбай тұрып, осы тараптас веб-сайттардағы дербес деректердің құпиялығы және қорғалуы саясатымен келісетініңізге көз жеткізіңіз. Нестле компаниясы дербес деректерді қорғау үшін байланысты тараптас веб-сайттардың бәрінде барабар шараларды қамтамасыз ету үшін бәрін жасайды. Алайда біз мұндай үшінші тұлғалардың әрекеті немесе құпиялық деңгейі үшін жауапкершілік көтере алмаймыз.

12.  Нестле веб-парақшасы электрондық пошта арқылы үшінші тұлғаларға  жіберілген кезде тұтынушылардың дербес деректеріне не болады?

Жауап
Біздің кейбір веб-сайттарымыз өз келушілеріне веб-парақшаны электрондық пошта арқылы қайта жіберуге мүмкіндік береміз. Мұндай функцияны қолданған уақытта біздің электрондық поштамасызды және/немесе веб-парақшаны жіберу керек болатын тұлғалардың электрондық пошталарын енгізу қажет болуы мүмкін. Былайша жиналған электрондық мекенжайлар сұраудың өңделуіндегі мақсаттардан өзге қандай да бір басқа мақсатта қолданылмайды. Электрондық поштаның мұндай мекенжайлары сақталмай, сұрау орындалып болған соң бірден жойылады.

13.  Тұтынушы осы  веб-сайт арқылы Нестле ұйымдастырған интерактивті сауалнамаға қатысқан уақытта оған қатысты дербес ақпаратқа не болады?

 Жауап
Біз уақыт өте келе веб-сайттарымызға кіретін кірушілерге сауалнамаға қатысып, жауап берулерін сұрауымыз мүмкін. Әдетте, мұндай сауалнамалар веб-сайттың мазмұнына, сондай-ақ біздің өнімдерімізге немесе олардың санаттарына қатысты болады. Біз веб-сайтқа кірушілерден олардың жасын немесе жас аралығын, жынысын және/немесе жеке тұлғаны идентификациялауға мүмкіндік бермейтін басқа да ақпаратты сұрауымыз мүмкін. Біз сауалнама жүргізу мақсатында сауалнамаларда сұрақтарға берілген жауаптарға cookies файлдарынан алынған ақпаратты қосуымыз мүмкін. Алайда бұл кезде жеке тұлғаны идентификациялауға мүмкіндік беретін қандай да бір ақпарат жиналмайды. Жиналатын дербес деректердің біздің компанияға әлдебір уақытта ұсынылған қандай да бір жеке ақпаратқа қатысы жоқ. Сауал және сауалнама жүргізу арқылы жиналатын дербес деректер Нестле компаниясының шеңберінде тек іште пайдалануға ғана арналған. Бірақ жалпылама деректер (жеке тұлғаны идентификациялауға мүмкіндік бермейтін) өзге мүдделі тұлғалармен бірігіп пайдаланылуы мүмкін.

14.  Бір рет тіркелу принципінің мәні неде?

Жауап
Біз тіркелу жеңіл болу үшін Нестленің бірнеше веб-сайттарында бір-ақ рет тіркелетін құралды пайдаланамыз. Мұндай құрал веб-сайттарымыздың бірінде тіркелу кезінде енгізілетін ақпаратты Нестленің басқа веб-сайттарында тіркелу үшін қолданылған ақпаратты бірден пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте дербес деректердің құпия сақталуы қамтамасыз етіліп, пайдаланушы хаттар таратылатын тұлғалардың қандай да бір тізіміне кіргізілмей тұрып, міндетті түрде оның келісімі сұралады, я болмаса «opt-in» опциясы қолданылады.

15. Нестле компаниясы осы Келісімнің шарттарын өзгерте ала ма?

Жауап
Нестле компаниясы осы Келісімге өзгертулер мен түзетулер енгізіп тұра алады. Енгізіліп отыратын өзгертулерді және олардың ықтимал салдарын көру үшін осы Келісімнің мәтінін қарайлап тұруды ұсынамыз. 

16. Нестле веб-сайттарына қатысты құқықтық мәселелер бойынша, сондай-ақ тұтынушылардың міндеттеріне қатысты қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?

Жауап
Заңнамалық талаптар мен Нестле веб-сайтында шарттар жөнінде қосымша ақпарат алу үшін бізге төменде көрсетілген мекенжай арқылы хабарласуыңызды өтінеміз.

17.  «Нестле Россия» компаниясында дербес деректердің қорғалуына қатысты қандай жалпы терминдер мен заңдық анықтамалар қолданылады?

Жауап
«Дербес деректер туралы» Заңға сәйкес «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясында мынада негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1. дербес деректер — мұндай ақпараттың негізінде анықталған немесе анықталатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектіне) қатысы бар кез келген ақпарат, соның ішінде оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні және туған жері, мекенжайы, отбасылық, әлеуметтік, мүліктік жағдайы, білімі, кәсібі, кірісі және басқа да ақпарат;

2. оператор — дербес деректердің өңделуін ұйымдастыратын және (немесе) өңдейтін, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудегі мақсаттар мен оның мазмұнын айқындайтын  мемлекеттік орган, муниципалды орган, заңды немесе жеке тұлға;

3. дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, жоюды, (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (оның ішінде беруді), иесіздендіруді, блоктауды, жоюды қосқанда, дербес деректермен жасалатын  іс-әрекеттер (операциялар); 

4. дербес деректерді тарату — дербес деректерді жекелеген тұлғалардың ортасына беруге немесе дербес деректерді көпшілік назарына танысу үшін беруге бағытталған әрекеттер, соның ішінде дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдарына ашу, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерге орналастыру немесе дербес деректерді алуға қандай да бір басқа жолмен рұқсат беру;

5. дербес деректерді пайдалану – шешімдер қабылдау немесе дербес деректердің субъектісіне немесе басқа да адамдарға қатысты құқықтық салдарларды туындататын не болмаса субъектінің немесе басқа да адамдардың құқықтары мен бостандығын өзгеше қозғайтын  өзге де іс-әрекеттерді жасау мақсатында оператор дербес деректермен жасайтын іс-әрекеттер (операциялар);

6. дербес деректерді блоктау – дербес деректерді жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, пайдалануды,  таратуды, оның ішінде беруді уақытша тоқтату;

7. дербес деректерді жою – нәтижесінде дербес деректердің ақпараттық жүйесінде дербес деректердің мазмұны қалпына  келтірілмейтін немесе нәтижесінде дербес деректердің материалды тасушылары жойылатын іс-әрекеттер;

8. дербес деректерді иесіздендіру — нәтижесінде дербес деректердің нақты қай субъектіге қатысты екенін анықтау мүмкін болмайтын әрекеттер;

9. дербес деректердің ақпараттық жүйесі — деректер базасындағы дербес деректерді, сондай-ақ автоматтандырылған құралдардың пайдаланылуымен немесе оларды пайдаланбай, мұндай дербес деректерді өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдар жиынтығын құрайтын ақпараттық жүйе; 

10. дербес деректердің құпиялығы — оператор немесе дербес деректерге рұқсат алған тұлға ұстануы міндетті дербес деректер субъектісінің келісімісіз не өзге де заңды негізсіз таралуына жол бермеу туралы талап; 
11. дербес деректерді халықаралық беру – оператордың дербес деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы  шетелдік  мемлекеттің  билік органына,  шетелдік мемлекеттің  жеке немесе заңды  тұлғасына  беруі;

12. жалпыға қолжетімді дербес деректер — дербес деректер субъектісінің келісімімен көпшілік қол жеткізе алатын немесе федералды заңдарға сәйкес құпияны сақтау талаптары  қолданылмайтын дербес деректер.

Тұтынушы — тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қатысы жоқ тек жеке, отбасылық, үйдегі және басқа да мұқтаждық үшін оларға тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниетті, я болмаса тапсырыс беріп, сатып алып немесе пайдаланып отырған азамат.

18. МАҢЫЗДЫ: Неліктен осы Келісімнің шарттарын қабылдау қажет?

 Жауап
Нестле – Интернетті дербес деректерді жинау және өңдеу үшін пайдаланатын компания. Бұл ретте, дербес деректер бір мемлекеттің шегінен тыс жерде өңделіп, жіберіледі. Осы Келісім осы веб-сайтты пайдаланудың орындылығы туралы салмақты шешім қабылдау және Нестле компаниясына дербес деректер жіберу үшін қажетті бүкіл ақпаратты қарапайым және қол жетімді жолмен ұсынады.

Осылайша, сіз мына  веб-сайтқа кіріп, электрондық құралдарды қолдана отырып, бізбен өзара әрекеттескен уақытта ұсынылған дербес деректер мен екінші мәрте ұсынылған дербес деректердің (соның ішінде cookies файлдарының, жүйелік ақпаратқа қосылу туралы деректердің) өңделуі мүмкін екенін растап, олардың осы Келісімде көрсетілген принциптерге сәйкес өңделетініне өз келісіміңізді бересіз. Жекелеген қызметтердің (мысалы, конкурстарға қатысу, ақпараттық бюллетендер немесе жаңа өнімдер туралы басқа да егжей-тегжей ақпарат алу) ұсынылуы сұралған жағдайда компанияға қосымша тікелей дербес деректер (аты-жөні, мекенжайы және электрондық поштасының мекенжайы) қажет болады. Мұндай кезде сіз осы дербес деректердің жиналуы мен пайдаланылуына сөзсіз келісіміңізді бересіз. Бұл дербес деректер Нестле компаниясына ұсынылатын мақсаттарда ғана пайдаланылатын болады. Осы Келісім бойынша құпиялықтың сақталуы жөнінде қандай да бір сұрақтарыңыз болған жағдайда сұраққа берілген жауапта көрсетілген мекенжай арқылы Нестле компаниясының қызметкерлеріне хабарласыңыздар.

Біздің компания кез келген қосымша сауалдарыңызға жауап беруге дайын.

«Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС